Степногорск тарихындағы қызықты фактілер

  • 1958 жылы кішігірім Ақсу кентіне ең алғаш құрылысшылардың келуі. Далаңқай желді жазық далада «Бұл жерде қала құрылады» деген жазу құрылды. Целиноград облысындағы Степногорск құрылыс басқармасы және оған қоса қала да, өз өмірбаянын бастады. Степногорск // Каз.под. — 1988. — 12 тамыз.
  • Болашақ қаланың бой көтерер орынын ССРО-ның орташа машина жасау министірі Е.П. Славский және Целиноград ТКХК-ң директоры С.А.Смирнов таңдады.
  • ЦТКХК-ң шикізат базасы (кешірек Сахаралық) Валовтың экспедиция зерттеулері: 6 молибден-уран және 2 фосфорлы-уран туған жерлері.
  • Ең бірінші қазықшаны шатырлы қалашық маңында, жауынгерлік даңқтың ескерткіштер ауданында және «Химик» стадионында бас старшина Шевченко Юрий Александрович ұрды. (Р.Садртионовтың еске түсіруінен) // Каз. подшипник. — 1994. — 1 шілде. 1-ші шағынауданның ғимараттарына белгіні (олардың ішінен дербес еске түсірулер) Э.В.Каримова өндіріп алды.
  • Ең алғашқы қаланың салуына ат салысқандардаң бірі, мамандандырылған әскери солдаттар. 1962 жылдан түзету – еңбек мекемелерінен адамдар тартылды.
  • Степногорск қаласы құрылысшылар тұрақтаған ауылдар: пошта қорабы – 35 (көпке дейін оны Пошталы деп атады). Содан кейін ол Макинск-2, Целиноград-25, Смирновтың шаруашылығы, Құрылысшылар ауылы, Бейбітшілік ауылы тек содан кейін – Заводской кенті деп аталды.
  • Алғашында (1960ж) қаланың жоспарлауымен Мәскеу институты «Горстройпроект» айналысты. Осы жылы тұрғын кенттерінің құрылысының бас жоспар схемасы бойынша 16 мыңға жуық тұрғынға үй жоспарланды. Содан соң жоспарлау ВНИПИЭТ Новосибирск бөліміне берілді. 1967 ж  1-ші шағынауданды салу нақты түрде жүзеге асырылды, одан 2-ші шағынаудан салу да өз күшіне енді.
  • 1968 ж жаңа схема бойынша 60 мың тұрғынға үй-жай салу жоспарланып 2000 ж 100 мың адамға тұрғын жай салу жүзеге асырылды.

Қарттардың есіне түсірулерінен үзінді

1995 жылы Солтүстік Қазақстанның уран туған жерлерінің базасына комбинаттың жасауы туралы құжатқа қол қойылды. Бұның ең алғашқы директоры болып С.А.Смирнов тағайындалды. Болашақ комбинатта қызмет атқару үшін 33 мамандандырылған жұмысшы келді. Алғашында Макинск одан кейін, барлығы Бурабайға жақынырақ, одан Бармашиноға беттеді. Алғашында комбинатты Бурабайға жақын маңайда салмақшы еді, бірақ су қоры жетіспейді деп шешкендіктен су сақтау қоймасын Сілетіде салатын болып шешті. Жұмысшылардың отбасылары Бармашинода уақытша тұрақтады, ал комбинаттың алғашқы жұмысшылары болашақ қала орынына жол жүрді. Сталинскии кенішінен алыс емес жерде, жазық далада екі жаппа орнатылды сол жерде 20 адам қызмет жасап тұрақтады. Осы жаппада кішкентай бір бөлмеде өз отбасымен директор тұрақтады, ал одан кішірек бөлмеде 8 керует орналасқан болатын, осы жерде бірнеше ай бойы жұмысшылар кезектесіп ұйықтады. Көп кешікпей жақында бірнеше тұрғылықты үйлер де салына бастады, бұл үйлерде де бірнеше от басы тұрды. Жаңа салынған үйлерде талаптары да жақсырақ болатын. Ішер суды Сталинский кенішінен таситын, содан шахтадан алынатын. Шахтадан алынған су сарғыш және лай болатын. Бір күні Қарабұлақ су кілтін тауып алдық, суы таза, дәмді еді, суды сол жерден тасыдық және дәмді шайды тойғанша ішетін болдық. Алғашқы кезде жұмысшыларды асханада тамақтандыратын, одан кейін жұмысшылар саны көбейгесін, асханада тамақтандырудан  бас тартты, сондықтан әр біреуі өз тамағын өзі жасайтын болды. Целиноградтан ұшақпен нан әкелетін және оны жазық далада тастап кететін еді. Нанның, нанға ұқсайтын еш нәрсесі жоқта, жақынырақ үзім-үзім бір бөліктерге ұқсайтын. Дүкен сатушысы сол үзім-үзімдерді жалғап, әйтеуір бір нанға ұқсатып сататын. Целиноград совхоздары ол кезде өз аяқтарына нық тұрмаған еді.  Сондықтан да азық-түлікті қолға түсіруге де оңай емес еді. Әрбір кездерде, қолға қой етін түсіріп алатынбыз, ал тұзды қолға түсіру қиынға түсетін. Жазық далада көлік жүрер жол көп болатын, ал жауын-шашын құйған кезде ол жолдар лайланып езілетін еді. Ал қыстың қақаған боранды күндері, бір жаққа жол жүрем деген ой кіріпте шықпайды. Егерде бір жаққа жол жүретін болсақ, бір топ машина одан қалған трактор 3 метірге дейін түскен қарды тазалай көліктерге жол жасайтын. Бұны қоя тұршы ең қиыны, егерде бұл көліктерге қарама-қарсы басқа бір топ көлік келіп қалса, екі жақтың біреуіне кейін қайтуға тура керек болатын, ашылған жол тым жіңішке сондықтан бұрылатын жерде болмайтын,  екі жақтың екеуі де кері қайтудан бас тартатын. Ептеп жолдың арғы бетінде тұрғын үйлер салына бастады, сол жерде қала да салынатын ой бар еді. Бірақ жоспар бойынша белгіленген жерде кәсіпорын салынатын болды,  қала кенттің маңынан, орманға жақын жерде салынады деп Орта көлік жасау кәсіпорынының министірі Славский айтқан еді. Бұл оқиғалардың бәрі 1957 жылдары болатын. Ал 1960 жылы алғашқы екі үй салынған еді,  маусымда үйлердің біреуі өртеніп кетті. Сонымен министір келгенде жападан жалғыз, жалғыз үй тұрған болатын. Жұмысшылар министірге қаланы өндіріс алаңына жақынырақ салайық деп ұсыныс жасаған болатын, онымен қатар құрылыс материалдары да тапшылық еді,  үй салу комбинатының әлі де не иісі, не ізі де жоқ болатын. Сол кезде Славский құрылыс материалдарын Ангарскиден тасындар деп бұйрық берді. 1964 ж үй құрылыс комбинаты салынып іске қосылғаннан кейін, қала құрылысы аспанға шарықтай түсті. Суды Бөгенбайдан тасыйтын, онда үш су сақтау скважиналары орнатылды, бірақ одан кейін су тапшылығына ұшырап 1965 жылы Сілеті гидрожиелісі салынып барлық қалаға су сол жерден тартылды. Тоқты Бөгенбай ТЭЦ-нен алатын, оған күш-қуат қосып тоқпен кентті де жабдықтайтын. Қала құрылысы басталған кезде тоқты тоқпойызы,  жылуды кательниден алатын.

1966 жылы ТЭЦ-ң жұмысы жақсарғаннан кейін жылумен және энергия тоғына аландап керек емес еді. 1966 жылдары қақаған аяз және боранның ойнас салған кезі болатын, осы жылдары қаланың көп деген тұрғындарының үйлерінің жылу батарейлері бұзылып жылу бармай қойды. Қарапайым халық үсіп, тонбау үшін қолдарынан келген жағдайдың бәрін жасады. Бірақ жылу батарейлерін жөндеп жылуды қосқаннан кейін бәрі өз жолына түсті. // Степногорск қ. қарттарының бірі Тележинская Н.В. сөздерінен.

Сол кездері «Хрущевкалар» құрылысы кең насихатталған еді. Қала жоспары біз білетіндей бірден пайда болған жоқ. Тез арада және жылдам түрде халықты тұрғын үймен қамту керек болатын. ҚНЖЕ-ң шеңберінен жүзеге асатында мүмкін емес дерлік. Бірақ Новосибирск институтының жас жобалаушылары бос далаңқай жерге жаңа қаланың бой көтеруін жүзеге асырамыз деп, сонау Мәскеуге дейін жетіп қажетті шешулерді алды. Әрине бұған тапсырыс беруші Смирновтың да көмегі тиді. Ия өкінішті ақ Совет үкіметінің күйрегенінен кейін қаншама жоспарлар іске аспай қалды, олардың бәрі тек қағаз жүзінде сипатталған еді. Сонымен де үй арасындағы кең аулалардың барына біз Новосибирск мамандарына рахмет айтайық. Көбінесе аулаларды екі есе кіші етіп салатын, бұл коммуникацияны үнемдеу үшін қолайлы болатын. Степногорск қаласын салу жоспары қаланы көркейтуғана емес, сонымен қатар тұрғындардың жайын жасау үшін жүзеге асырылған еді. Әр бір үйдің алдында балалар алаңы және ересек адамдардың демалуына жағдай жасалған. Каханова, Н. С. А. Смирнов: Я помню город с «пеленок» [Текст] / Надежда Каханова // Престиж. – 2009. – 28 мая. – С. 4.

1-ші шағынаудан салынып, 2-ші шағынауданның екінші жартысы салынып жатқанда, депутаттардың қалалық кеңес ұйымын құру туралы айта бастады. Горисполкомды құрмай тұрып халық арасында сұрау өткізілді «Қаланы қалай атар едің?» — деген сұрақ. Көптеген атаулар берілді. Әр бір адам әдемі де жаңға жағымды атауларды ұсынды бірақ, Целиноград Степногорск деп бекітті.

1964 жылы біз исполком ұйымы туралы шешімдерді алғанда, Степногорск қаласының еңбекшілер депутаттар кеңесінің сайлауы деп айтылған тұғын. Исполкомның штаты ол кезде шамалы болатын. Төрағасы Арсении Иванович Серов еді. Шынын айту керек, Серов осы қаланың бәрін өз қол астына ұстап, иесі өзіммін дегендей санайтын. Азаннан сағат 6-00 де Степногорск қаласын толығымен шаралап, аралап шығып қай жерде не дұрыс, не дұрыс еместігін қарап белгілейтін. Ал жұмыстын басынан ол барлық ақпаратқа ие болатын. Аманатын бірден беріп, шара қолданып жоспарлайтын. Ол ешкімді жұмыссыз қалдырмайтын. Егерде қандайда бір жетіспеушіліктер туындаса, белгілі бір уақытқа дейін оны жөнге келтіру үшін мерзім берілетін. Артынан істің жүзеге асқанын өзі тексеретін. Шыныменде осы қаланын иесі Арсении Иванович болатын, сондықтанда халық оны сыйлап, қадірлейтін / Сенің есіндеме бәрі қалай болғаны (Н.И. Романованың еске түсіруінен). // Вечерний Степногорск. – 2008. — 21 қазан. – 5 б.

Добавить комментарий