Степногорск қаласының басшылары
Серов Арсений Иванович – маусым 1964 – қаңтар 1969 ж
Федосеев Владимер Михайлович 1969-1976 ж
Рамут Винис Робертович – 1976 – 1980 ж
Сейтембетов Сұлтан Қазданұлы – 1980 – 1988 ж
Тибелиус Отто Эмильевич
Рутковскии Федор Иванович – 31 наурыз 1988 – 1992 ж
Қойшыбаев Марат Советұлы – ақпан 1992 – 1999 ж
Денинг Николай Яковлевич – 1999 – 2004 ж
Джанабергенов Қайрат Мырзаханұлы – сәуір 2004 – 2005 ж
Смайлов Жанболат Амангелдіұлы – ақпан 2005 – 2008 ж
Никишов Андрей Николаевич – наурыз 2008 — тамыз 2012 ж
Такамбаев Муратбек Шамілұлы – тамыз 2012 – 2015 ж
Кумпекеев Ануар Каиргельдыұлы – 2015 – 2018 ж
Баяхметов Еркебулан Еркешұлы — қыркүйек 2018 -2021
Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы — қазан 2021 — …
Серов Арсений Иванович (1906-1969 ж) Степногорск горисполкомының ең алғаш төрағасы. Степногорск қаласының ең алғашқы құрылысы осы адамның арқасына түсті. Ол жаны жайдарлы, ақ көңіл, ашық адам болатын. Степногорск қаласына келмес бұрын Серов Арсений Иванович ағаш шеберханасында, орманшаруашылығында жұмыс жасады. Балқаш аудандық партиясының бірінші орынбасары болып тағайындалған. 1957 жылы Социалистік Еңбек ері атағын алды. 1964 жылдың маусымында Степногорск горисполкомының төрағасы болды. Бұл қызметте 1969 жылдың қаңтар айына дейін өз жұмысын жасады. Степногорск қаласының дамуына үлес қосқандығына (1-ші шағынаудан, 22 үйде) 1970 жылы ұмытылмас тақта орнатылған.
Федосеев Владимер Михайлович 1924 ж Херсонада дүниеге келген. Барлық балалық шағы Украйнада Харьковте өтті. 1941 ж тамыз айында Владимер Михайловичтің әкесі қызмет жасаған зауытты эвакуацияға жіберді. Зауытпен қоса Федосеевтер жанұясыда көшірілді. Олар осылай Батыс Қазақстан облысына келді. Осы жерде Володя 10-шы сыныпты тамандай, өз мектебінің кіші сынып оқушыларына сабақ берді. 1942 жылдың 18-ші тамызында Владимир әскерге шақырылды және де Ленинград училищесіне оқуға жіберілді (соғыс кезінде ол Оралда орналасқан еді). Оқудың аяқталуына және атақтың алуына бір айдай уақыт қалғанында кенеттен Курск доғасы басқа түсті. Жас радистерге жаңа рацияларды тапсырып соғыстың қапалы көзіне жіберді. Барлық полк бойынша тірі қалған бірнеше адам еді. Қайта жинақталған полкті Қырым қаласына жіберді. 4-ші Украйндық фронт құрамында В.М. Федосеев Карпаткадағы қақтығысқа қатысты. Көптеген жарақат, контузия алып Тернополде емделді. 1944 ж ең жас комунист ретінде Мәскеу жоғары политехникалық училищесіне оқуға жіберілді. Осы училищенің курсанты ретінде Владимир Михайлович 1945 ж Жеңіс парадына қатысты. Өз міндеттерін Краснодар, Майкоп және Солтустік Қазақстанда атқарды. 1964 жылдың маусымында Федосеевті жанұясымен Степногорск қаласына ең алғашқы сайлау өткізуде көмекші ретінде жіберді. Бөлім меңгерушісі ретінде қызмет атқарды. 1969 ж горисполком төрағасы ретінде тағайындалды. Қалада 7 жыл басшылық жасады. Бұл қаланың қарқынды даму жылдары болды. Жыл сайын құрылып қолданысқа зауыттар, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, дүкендер, тұрғын және спорт кешендері тапсырылды. В.М. Федосеевтың еңбек және әскери айбын ерліктері үшін «Германия алдында жеңіске жету» 1-ші дәрежелі орденімен және «Құрмет» орденімен марапатталған. 1976 жылдан зейнеткерлік жасына дейін НПО «Прогресс» директоры қызметін атқарды.
Рамут Вилнис Робертович 1938 жылы дүниеге келген. Горисполком төраға қызметін 4 жыл атқарды. Вилнис Робертович 1976 жылдан 1980 жылға дейін степногорск қаласында басшылық қызметін атқарды. Сонымен қатар Степногорск қ. горкомының бірінші хатшысы болды.
Сейтембетов Сұлтан Қозданүлы (1927-2005 жж) Ақмола облысы, Балқаш ауданының Алматы ауылында туған. Өз қызметін мұғалімдік сатысынан, одан кейін өз ауыл мектебінің директорынан бастады. 1948 ж Балқаш ауданының райком комсомолының бірінші хатшысы болып таңдалды. Сонымен қатар Балқаш аудандық білім бөлімінде жұмыс жасады. 1961 ж Қазақстан Компартиясының Балқаш райкомының хатшысы. 1974 ж Сілеті райком партиясының бірінші хатшысы. 1980 ж халық депутаттарының Степногорск қалалық кеңесінің аткомының төрағасы болып тағайындалды. Степногорск әкімшілігінде 1988 ж еңбегіне лайық көп күткен арнайы демалысқа шыққанына дейін басшылық етті. Мінсіз таза жұмыс жасағаны үшін «Еңбек қызыл туының» екі орденімен, «Халықтардың достық» орденімен, «Құрмет» орденімен және т.б. жоғары ордендермен марапатталған. ҚР дербес зейнеткері 2005 жылдың қыркүйегінде көз жұмды.
Рудковский Федор Иванович 1988 жылы 31 наурызда Степногорск горисполкомының төрағасы болып сайланды. Оның басқару кезінде реформа да өз жолына түсті. Федор Иванович горисполкомның бірінші жетекшісі болып, бірнеше кандидатуралардың арасынан таңдалған еді. 1992 жылы (жергілікті өкілетті және өкіметті атқарушы органдары туралы заңы) басқарудың құрлымдарының өзгеруіне байланысты, қала әкімшілігінің басшысы жаңа қызмет орыны пайда болды. Бұл орынды М. Қойшыбаев басты. Ф.И. Рудковский халық депутаттарының қалалық кеңесінің төрағасы міндетін 1993 ж дейін атқарды, осы кезде кеңестер тарту туралы шешім қабылданды.
Қойшыбаев Марат Советұлы қала әкімшілігін 7 жыл басқарды. Бұл кезең Степногорск қаласына қиынға түсті: нарықтық экономиканың қалыптасуы көп кәсіпорындардың, мәдениет мекемелерінің, балабақшалардың жабылуына әкеліп соқты. Уақытылы еңбек ақының, зейнетақының төленбеуі, жұмыссыздық немесе міндетті еңбек демалысына шығу, энергия қуатының өшуі, үй жайлардағы батарейлердің суықтығы осының бәрін халық жас әкіммен бірге бастан өткізді. Осыған қарамай қала көшелері тазаланып, жолдар жөнделіп жатты. Әрдайым кішіпейіл, демократиялық түсінігі мол Марат Советович Степногорск қаласының 30 жылдығын: шетелден қонақтар шақырып, қағылу суреттермен «Здесь прописаны наши сердца» атты атауымен, жаңа кітаптар шығарылымымен, парашутшылардың қатысуымен тойлады. М.С. Қойшыбаев 1961 жылы Балқаш ауданы, Шантөбе ауылында дүниеге келген. Ол Ленинград қаласында Г.Плехановтың атымен аталған тау-кен институтын тамандаған. ЦТКХК-ң тау-кен шебері, комсомол және партком комитетінің хатшысы, бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1990 ж Степногорск қаласы горком партиясының екінші хатшысы. 1992 ж ақпанынан 1999 ж аралығында Степногорск қала әкімшілігінің басшысы. Кейін ҚР-ң Мәжіліс Сенат Парламентіне сайланды. «Нұр Отан» партиясының облыстық ұяшығын басқарып соңынан кәсіптік және өнеркәсіптік облыстық басқармасының басшысы болды.
Денинг Николай Яковлевич, оның бес жыл Степногорск қаласын басқаруы, қала тұрғындарының есінде сақталып қалғандай, бұған себеп қала өнеркәсіп тазалығы. Кәсіпорындарда жұмысшыларға төленбей сақталған жалақыларын төлеу, әр аптада сенбілік өткізу, ал кәзір бұл сенбілікті «таза бейсенбілік» — деп атайды, жол шет жағалары ақталып, көшелер қоқыстан тазартылатын болды, мәдениет ұйымдарына және білім саласына жаңа техниканы қолданысқа алуға, жалақыны уақытында төлеуге жергілікті бюджеттен ақша бөлініп отырды, ал бұндай ақшаның бөлінбеуіне көптеген уақыт өткен болатын. Николай Денинг 1951 ж 23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы, Ленинск ауданы, Тонкошуровка ауылында туған. 1972 ж Целиноград ауылшаруашылық институтының ауылдық шаруашылықтағы бухгалтерлік есеп және есептеулер мамандығын игерді. 1972-1973 жылдары өз әскери міндетін атқарды. 1974-1980 ж Көкшетау облысы, Кусепский совхозында «Комунизімге барар жол» колхозында бас экономист қызметін атқарды. 1985 жылдан 1990 жылға дейін Көкшетау облысы, Қызыл ту ауданы «Херсоновка» совхоз директорының міндетін атқарды. 1990-1991 ж Коллеровка ауданының Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы. 1991-1995 ж Көкшетау облысының, Коллеровка аудан әкімшілігінің басшысы. 1997-1999 ж Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық департаментінің басшысы, Щучье ауданының әкім орынбасары. 1999-2004 ж Степногорск қала әкімі. 2004 ж сәуір айынан – Рудный қаласының әкімі міндетін атқарды. 2011 ж – Қостанай облыс әкімінің орынбасары.
Джанберген Қайрат Мырзаханұлы – 1961 ж 21-ші шілдеде Жамбыл облысы, Луговский ауданы, Луговой ауылында туған. 1983 ж Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын тамамдап, инженер-гидротехник мамандығын иеленді. 2002 ж халықаралық Қазақ институтын аяқтады. Алматы қаласы жеке кәсіптік кәсіпорынының директоры, комсомол органдарында жұмыс тәжірибиесі бар, Атырау облысынын әкім апаратының іс-басқарушысы, вице-премьер көмекшісі, ҚР-ң жоғары сот апаратының жетекшісі және ҚР-ң премьер-министір көмекшісі міндеттерін атқарған. Астана қаласының әкім орынбасары лауазымында экономикаға, кішігірім кәсіпкерлікпен айналысу сұрақтарына жетекшілік етті. Степногорск әкімі лауазымында бір жылға жетік қызмет атқарды (10 шақты ай). Осы жылдар тұрғындарға 2-ші шағынауданда көркем мектебінің филиалының ашылуын, Степногорск қаласының 40-жылдығына арнайы шығарылған фото альбом, қазан айында жапалақ қардың астында қала туған күнін тойлады, шақырылған әншілермен, күйшілермен аталып қуанышқа иеленді. Степногорск қаласының 40-жылдығымен құттықтаған: ССРО-ң халық артисі Әлібек Дінішев, «Академия солистов» мемлекеттік квартет академиясының оркестірі, ҚР еңбегі сіңген артисі Байғазинова Ғалия, «Ұлытау» тобы, «Белый орел» («Ақ бүркіт»), «ALL давай» және т.б. Степногорск қаласының тұрғыны Мырзаханов Қайрат Алматы ауданы, Алматы басшысының тағына отырды.
Смайлов Жанболат Амангелдіұлы Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жарсуат ауылында туған. 1993 ж Целиноград инженерлік-құрылыс институтын тамамдап, инженер-механик мамандығын алып сырттай Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2005 ж) оқып заңгер мамандығын иеленді. Еңбек қызметін 1991 жылы «Автосервис» Целиноград облыстық кәсіпорынының экспидиторынан бастады. Содан соң «Казавтомотосервис» облыс аралық базасында инженер қызметін атқарды. 1995 жылдан АҚ «Акмолатрансагенство» — ның президенті болып тағайындалды. 1997 жылдан АҚ «Бұланды тас карьері»-нің президенті қызметін атқарды. 2004 ж мамырынан, 2005 жыл аралықтарында Ақмола облысы, Шортанды аудан әкімі қызметін атқарды. 2005 ж ақпанынан, 2008 ж наурыз аралығында Степногорск әкімі болып, өз міндеттерін жүзеге асырды. 2008 ж мамыр-қазан аралықтарында Астана қаласы ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2008 ж қазан айынан Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Никишов Андрей Николаевич 1969 жылдың 21-ші шілдеде Целиноград облысы, Целиноград ауданында туған. Андрей Николаевич Целиноград ауылшаруашылық институтын Казпотребсоюз атындағы Қарағанды экономика университетін тамамдаған. Андрей Николаевич мал дәрігері, мемлекеттік басқару бакалавры және мал дәрігер ғылымының кандидаты атақтарымен, мамандықтарына ие. Өз қызметін «Прима» кооперативтік ғылыми-өндіріс бірлестігінде мал санитарынан (2002 ж) ҚР-ң Ақмола облыстық, аумақтық ауылшаруашылық Министірлігіне дейін сатылап жол жүрді. Содан соң 3 жылдай Егіндікөл ауданының әкімі қызметін атқарды, одан 2007 жылы Көкшетау қала әкімі болып тағайындалды. Степногорск қаласының әкімі болып 2008 жылдың наурызынан бастап қызмет атқаруда.
Такамбаев Мұратбек Шамилұлы. 2012-2015 жж 1963 жылы туған. Ресей Федерациясының Омбы облысына қарасты Қаскат Исилькуль ауданы. 1985 жылы Омбы ауылшаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1985 жылы Облфинуправления-да инспектор-инспектор болып бастады, содан кейін аға инспектор-инспектор, 1-санатты экономист, жетекші экономист, қаржы және ақша айналымы кірістер департаментінің жетекші экономисті, агроөнеркәсіптік сектордағы қаржы жетекші экономисті, мемлекеттік кірістер бөлімінің бастығы, мемлекеттік кірістер бөлімінің бастығы және т.б. Омбы облыстық қаржы басқармасының салық саясаты, қаржы-несие бөлімі бастығының орынбасары, қаржы департаменті директорының орынбасары, директордың орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржы, несие және салық саясаты департаменті, Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының бірінші орынбасары, Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 2008 жылдан бастап Степногорск қаласының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Мұратбек Такамбаев Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды. 2012 жылғы 1 тамыздан бастап — Степногорск қаласының әкімі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай 2013 жылдың желтоқсанында «Ермет» орденімен марапатталған. 2015 жылы мамырда ол Көкшетауға Ақмола облысы әкімінің басшысы болып ауысты.
Кумпекеев Әнуар Қайыргелдіұлы, 2015-2018 жж. 1984 жылы туған. Жоғарғы білім. 2005 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірді. М.В. Ломоносова экономика бакалавры біліктілігімен 2007 жылы Ұлыбританияның Брэдфорд университетінде экономикалық саясат магистрі дәрежесін алды (Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі). Еңбек жолын 2005 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаментінің жетекші маманы ретінде бастады. 2007 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы» РМК Маркетинг және коммерцияландыру департаментінің директоры, содан кейін Стратегиялық даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап коммерциялық құрылымдарда түрлі басқарушылық қызметтер атқарды. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап департамент директоры, 2011 жылдың шілдесінен бастап — «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры — Астана қ. 2012 жылдың шілдесінен бастап Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары. 2015 жылдың мамыр айынан бастап — Степногорск қаласының әкімі, 2018 жылдың тамызында — Павлодар қаласының әкімі.
Баяхметов Еркебұлан Еркешұлы. Еркебұлан Баяхметов 1972 жылы туған, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген Қозыбаева. Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясында «Бизнес, есеп және құқық» МВА бағдарламасы бойынша оқуды аяқтады. 2009 жылғы 9 қыркүйектен 2016 жылғы 24 маусымға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры »АҚ Ақмола облысындағы аймақтық филиалын басқарды. 2016 жылдың 4 шілдесінен 2017 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының басшысы болды. Ол тағайындалғанға дейін «Есіл ӘКК» ҰК »АҚ қаржы директоры қызметін атқарды. Үйленген, 4 бала: 3 қыз, 1 ұл. 2021 жылдың қазан айынаң — Есіл ауданың әкімі.
Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы. Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы 1983 жылы Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кентінде дүниеге келген. 2008 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітірді. 2006-2007 жылдары – «Адока» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Астана қаласы. 2007 жылдың мамырынан 2009 жылға дейін – «Arina» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Астана қаласы. 2009 жылдың наурызынан 2010 жылдың наурызына дейін – Шортанды ауданы, Шортанды кенті әкімінің орынбасары. 2010 жылдың наурыз – маусым айлары – Шортанды ауданы, Шортанды кентінің әкімі. 2010 жылдың маусымынан 2014 жылдың шілдесіне дейін – Шортанды ауданы, Шортанды кенті тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. 2014 жылдың шілде айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін – Шортанды ауданы әкімінің орынбасары. 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың қазанына дейін – Ақкөл ауданының әкімі. Степногорск қаласының әкімі 2021 жылдың 2 қазанында тағайындалды.