Секен Жақыпов

https://youtu.be/6IIyCNHKMnc

Ел тарихынан түсінік.

Ақсудың баяндасам шежіресін,

Қалайша құрады екен ел іргесін.

Басынан әрбір түрлі нәубет өткен,

Бұл күнде тиянақты сенімдесің.

Сарыарқа әуел бастан жердің аты,

Батпақты шабынды екен көлдің аты.

Қазағым ерте кезде жайлау қылған,

Масалы атаныпты елдің аты.

Керей мен Қарауылға қоныс болған,

Өзі би өздерінен болыс болған.

Солардың ұрпақтары өсіп өнген,

Бұл күнде атамекен қоныс болған.

Бір алла пендесіне ризық шашқан,

Барлаушы алтын-күміс кенін ашқан.

Жерінің қойнауында байлығы мол,

Естуші ем осы сөзді бала жастан.

Жыл келді тоғыз жүз жиырма тоғыз,

Кеншілер Масалыны қылды қоныс.

Жер қазып, кен шығарып, алтын алып,

Сыбанып кірісіпті қазақ-орыс.

Партия, Сталин деп атын қойып,

Бұрыңғы ескі салттың затын жойып.

Той ғылып думандатып өткізіпті,

Тарапты құрғақ сөзге қарын тойып.

Деген сөз халық жауы қастық болған,

Біреуден-біреу қорқып жастық болған.

Жұмыста күшке білек, тілге тиек,

Айтатын осы сөзді бастық болған.

Талай жыл жеке адамға табынғанбыз,

Өтірік сөйлеп партияға жағынғанбыз.

Солардың өнегесі қанға сіңіп,

Шыннан безіп, жалған сөзді сағынғанбыз.

Поселке Ақсу атқа ие болды,

Жабылған Сталинге күие болды.

Табыну жеке адамға тоқталды деп,

Бұғып жүрген адамдар түйе болды.

Масалы жарқыраған тасың алтын,

Шығарды жерлеріңнен күміс алтын.

Тағы да әрі қарай баяндайын,

Тыңдашы құлақ қойып сөздің артын.

Бұл күнде егеменді Қазақстан,

Көп ұлттың басын қосып отандасқан.

Астана Сарыарқаны қоныс етті,

Кір жуып кіндік кесіп араласқан.

Кәзір де бұл халыққа Нәубет боп тұр,

Жұмыссыздық ұйқыға дәулет боп тұр.

Малдан безген жалқау көп байқап тұрсаң,

Қаладағы таза үй сәулет боп тұр.

Завод, шахта, баршасы жабылып тұр,

Сауда да өз жұмысын сапырып тұр

Нан алатын ақша жоқ деп айтады,

Араққа азын аулақ табылып тұр.

Бала-бақша жабылып, дабыл болды,

Бала тууы азайып, сабыр болды.

Күтүі балаларды қиын деуші еді,

Әйелдердің тілегі қабыл болды.

Савхоздың малы бітіп, дала қалды,

Кей құрылыс аяқталмай, шала қалды.

Шалалай бастықтардың кесірінен,

Аяғы үкіметке жала қалды.

Төре көп үкіметті шашатұғын,

Пайданы қалтасына басатұғын.

Қолында биілігі жоқ қара халық,

Бұл күнде жөн таба алмай сасатұғын.

Ақсудың жазып едім шежіресін,

Ескі аты Масалы, деп көңілдегім,

Сары жайлау, Сахаралы жеріндегі,

Жазайын енді осының төңірегін.

Алланың он сегіз мың ғаламында,

Ақыл-білім талап бар адамында.

Өткендер өмірінен хаттап кетті,

Мен неге үлес қоспай қаламын ба?

Айтпасақ кейінгі ұрпақ біле бермес,

Білгендер жасы келсе жүре бермес.

Түған жер, алтын өлке болса дағы,

Надандық құлағына іле бермес.

Бір рет адамға өмір беріледі,

Сол өмір саған үлес делінеді.

Алланың бергеніне тәуба келтір,

Мұндай сөз шариғаттан теріледі.

Құлақ қой айтқан сөзге жамағатым,

Ел мен жер бұранғы өткен азаматын.

Түсініп керектісін сүзіп алып

Арнайы сіздерге айтып жазған хатым.

Белгісі түсінікте елдің аты,

Елінен атанады ердің аты.

Әркімнің туған жері алтын бесік,

Себеппен атанады жердің аты.

Жақсының атын атап еске алсаңыз,

Бір аунар аруағы сіз нансаңыз.

Кеш қалма ерте туып жамағатым,

Маһшарда ұядмасыз, сіз барсанңыз.

Тау мен тас, тоғай, орман табиғаты,

Кейісіне қойылады адам аты.

Өзен, су аққан бұлақ, көл дария,

Құлақ қой кейінгі ұрпақ жамағаты.

Үсен-Қожас екі тау бір-біріне қарасыл тұр,

Төре ағаш, құндыз бөрік жарасыл тұр.

Ортыны жарып өткен ару өзен,

Екі алып бұл сұлуға таласып тұр.

Қос тау бар Масалының желкесінде,

Қыз бозбала секілді келбетінде.

Күн шығыс беткейінде жуан төбе,

Ұқсайды қызды аңдыған жеңгесіне.

Бір тау бар құбылады елге жақын,

Ұқсайды елге пана Ерге жақын.

Адамда табиғаттай мейірім болса,

 Ешкімнен ешкім алып жемес қақын.

Бір тау бар Солтүстік бет қабырғада,

Басынан әркім шығар қабылдана.

Көз салып жан-жағына малын байқап,

Көңілі дауалайды сабыр таба.

Бір оба әрегірек қыр басында,

Басынан өткен шығар мың ғасыр да.

Қалмақтың обасы деп жұрт айтады,

Із қалған табиғатты сырласыңда.

Сөйлейін Масалының төңірегін,

Керей мен Қарауылдың көкірегін.

Керейден мағлұматты аз білемін,

Бірге өскен Қарауылмен көбірегін.

Іргеде кереге тас қойынбайын,

Қырық құдық бас құдықпен жер шырайын.

Қызыл ағаш Шілікпай жалғасады,

Қыс болса панасы бар малға жәйім.

Қонысы Мұстафанаң қара бұлақ,

Бұл савхоз бертін болды басын құрап.

Үсен тау төре ағашпен бер жағында,

Жас қала Степногорск бір шамшырақ.

Сарбұлақ, Сасық бұлақ, Қара бұлақ,

Байларға жайлау болған малға тұрақ.

Еске алсаң ертеде өткен бабаларды,

Ойыңа оралады мың бір сұрақ.

Қыс-қыстау, жаз – жайлау екі қоныс,

Сайланған ел билейді би мен болыс.

Қажы молла қожасы дінге берік,

Сарыарқа Сахаралы болған қоныс.

Бөрлі көл жалтыр көлдей дәриәсі

Жағалай ел қонатын жан ұясы.

Аққу қаз үйректері ән салады

Даланы тербетеді көлдің назы.

Молда шәріп қақсалмен кәрі қыстау

Совхозға адгон болған әлі қыстау

Бұл жерге Алпыс қызы Сара келген

Анасының зиратын бір көруге сағыныштау.

Анасына зират еткен Сара ханым

Бар зиратты қоршаттын жұртқа мәлім.

Бір аунап жан анасы қалған шағар

Сауабы аруақтанрдың сізге ханым.

Адамға қымбат екен ана деген,

Бауыр ет анасына бала деген.

\есейіп сен ержетіп кетсең дағы,

Сол мейір бір-бірінде қалады екен.

Опан намаз екі ауып күншығыс бет,

Ақсу өзен құйады алдайға кеп.

Сарадыр биік төбеталас көлі,

Кереиге жалау болған бұл төңірек.

Бұл жерлер керейлерге жайлау болған,

Ел билейтін би болысқа сайлау болған.

Керейде атақты би мүсет болып,

Сөздері аңызда бар көңіл толған..

Керейде атақты бай Мәті Дәулен,

Он екі мың жылқы біткен Тәңір берген.

Дәулеті Ес Құдастың соған жақын,

Заманында шалқып өткен ол бір дәурен.

Сөздері мүсет бидің қорғасындай,

Басына қыдыр қонған жолдасындай.

Артында аңыз болып мұра қалған,

Маһшарда періштелер қолдасын-ай.

Қажы өтті Нұрмағамбет Сағынайдың,

Бақ-дәулет қонған екен бір құдайдың.

Өтіпті ғибадаттың жолыменен,

Қалайша еске алып жырламайын.

Қажыны заманында пан деп кеткен,

Әулиеден бата алған заң деп кеткен.

Көз салмай дүниеге пәрдә киіп,

Ғибадаттың жолына таң деп кеткен.

Шеймерден Қажы жа өтті берігірек,

Әрине қажы молла дінге тірек.

Әрбір ел өз жақсынын алға тартар,

Фйтады ауылдасы тым көбірек.

Ауылдас Қажы менен қамбар молла,

Әркімнің Ғибадатын тәңір қолда.

Адамзат дүниеге келген қонақ,

Өтейік дүниеден таза жолда.

Керейде аты шыққан Жақия өтті,

Өзінің қатарынан асып өтті.

Алдында не боларын ешкім білмес,

Жолғанды жалпағынан басып өтті.

Нашарға көз қарасы түзуі болды,

Дәм ішкен меймандардың көңілі толды.

Жұбайы Күлбәрәм да алтын дінгек,

Бұларға заманында бақыт қонды.

Әр заманның өзінің саңлағы бар,

Аңызда боп ізінің қалғаны бар.

Адамзат дүниеге келген қонақ,

Дәм бітсе дағдыр сенен алмағы бар.

Еске алып ескергеннің сауабы бар,

Жақсының жақсылағын кім ұмытар.

Дүниеден алшаң басып өтсең дағы,

Боламыз о дүниеге бір кіріптар.

Білгенді өз ойынан құрап жаздым,

Кейбірін әркімдерден сұрап жаздым.

Болар деп өткендерден бұ да сауап,

Кейінгі ұрпақтарға арнап жаздым.

Інгәләп мен анамнан туған жерім,

Кіндігімді кесіп, кірімді жуған жерім.

Бұл күнде егде тартқан жасым келді,

Ішінде қалың арғын өскен елім.

Сарыарқа Сахаралы Масалымыз,

Дүние алтын сарай базарымыз.

Ішінде шырағы бар, тұрағы жоқ,

Адамзат көшкен керуен жазарымыз.

АРНАУ

Заман-ай (Жан жарыма арнадым)

Заман-заман, заман-ай,                                       Жастық шіркін, жаз екен,    

Бәрін де көрер адам-ай,                                       Баянсыз өмір аз екен,

Жастықта кемдік білінбес,                                  Өткен күнді ойласам,

Кәрілік келсе жаман-ай                                       Жүректе қалған наз екен.

Заман-заман, заман-ай,                                        Бозбала болған кездерім.

Мейманы болған адам-ай.                                   Жүректе қалған сөздерің,

Баянсыз өмір өтеді,                                               Қызды ауылды қызықтап,

Тағдыр келсе жаман-ай.                                       Бір өзіңді көздедім.

Заман-заман, заман-ай,                                         Сөйлесіп хатпен таныстық,

Торына түсер адам-ай.                                          Кездесіп  қол алыстык.

Қосағың өтсе өмірден,                                          Іңкәрлік көңіл сөнбейді,

Дара боп қалған жаман-ай                                    Адамға сүйген жар ыстық.

Адамзат көшкен керуен,                                       Назданып маған қараушы ең,

Дүние аз күн серуен.                                              Жан-жарың қып санаушы ең,

Қуаныш алып келумен,                                         Қырдан асып кеткенше,

Қайғысы бар өтумен.                                             Артымнан ұзақ қараушы ең.

Қызыкқа пенде тоймайды,                                    Бұрылып мен де қараушы ем,

Тағдыр көрмей коймайды.                                    Өзіме тең деп санаушы ем.

Ұрпағың қалса артыңда,                                        Назықды ұғып бейнеңнен,

Тәубе етпеске болмайды.                                      Маһшарлық  жар деп санаушы ем

Өлеңім емес айтатын,                                            Өткен күн қайтып келмейді,

Қартайғанда сән кылып.                                        Көнілді ғана тербейді,

Қимастық назы жүректе,                                       Ұрпағың қалды артыңда,

Тұрады екен жаңғырып.                                        Шырағың сенің сөнбейді.

Силасып өткен жан-жарым,                                 Қара жер мәңгі қонысың,

Адамның бітпес арманын.                                    Иманың болсын болысың.

Елу төрт жыл отасып,                                           Баянсыз өмір осылай,

Ажырап сенен қалғаным.                                      Қалғаннан дұға қыларсың.

Силастық шіркін, қандайсың,                              Сен өтсең де өмірден,

Арайлап атқан таңдайсың.                                   Шықпайсың бір көңілден.

Аңызда ғана қалады-ау,                                        Кездесерміз маһшарда,

Қара жер бәрін жалмайсың.                                 Тәңірім жазса сенімен.

Үйқысыз өткен әр түнім,                                      Айтылған сөзім сыйластық.

Ойлап жатқан жар мұңын.                                   Отбасы боп жинастық.

Жүрегімнең сөз теріп,                                           Қартайып жасың келсе де,

Атқызамын таң нұрын.                                         Көңілде қалар қимастық,

Ұл-қызымның анасы,                                            Өлгендер қайтып келмейді,

Отбасының қаласы.                                               Көңлде назы сөнбейді.

Жас келген соң тағдыр бар,                                  Ескерткіш кылып айтқан жыр,

Болмайықшы наразы.                                            Әркімнің көңілін тербейді.

                                                                                                        Секен ЖАҚЫПОВ